KITAPKHANA.KZ
kz ru

АҚПАНБЕТҰЛЫ ӘЛСЕЙІТ

  1943 жылы 22 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. 1959– 1962 жж. кеңшарда, құрылыс басқармасында істеген. 1966 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. 1966 – 1973 жж. Сырдария ауданындағы орта мектептерде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде әдіскер, 1973 – 1977 жж. «Мектеп» баспасында редактор, 1977 – 1981 жж. Қазақ КСР Оқу министрлігінде инспектор, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1981 – 1990 жж. Қазақ радиосының әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында редактор болып жұмыс істеген. 1991 жылдан бері республикалық балалар басылымы «Балдырған» журналында бөлім редакторы, редакцияның алқа мүшесі. ҚР білім беру ісінің үздігі.

  Алғашқы өлеңдері 1964–1965 жж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан», облыстық «Ленин жолы» газеттерінде жарияланды. Ә.Ақпанбетұлының «Тұңғыш кітап» (1977), «Бал дәмі» (1980), «Нұр жауған күн» (1984), «Той үстінде» (1988), «Қатын қашқан» (1994), «Өтеді күндер» (2006), «Сыңар аққу» (2008), «Үш мақтаншақ» (2011) атты өлеңдері мен әңгімелері, хикаялары бар. Жазушының «Түнгі көбелек» аталатын трагикомедиясы 1998 жылдан Қызылорданың Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында, Шымкенттің Ж.Шанин атындағы драма театрында қойылып келеді. «Дүние-думан» комедиясы қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында 2001 жылдан қойылуда.

 

 

Əдебиеттер


    Ақпанбет Ə. Қатын қашқан: Хикаялар,ертегілер, əңгімелер. – Алматы: Жалын, 1994. – 336 б.

  Ақпанбетұлы Ə. Сыңар аққу: Əңгімелер, хикаялар, пьесалар / Ə.Ақпанбетұлы; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы. - Астана: Фолиант,2008.- 480 б. - (Сырдариякітапханасы)

  Ақпанбетұлы Ə. Үш мақтаншақ: Əңгімелер, ертегілер, скетчтер /Ə.Ақпанбетұлы; ред. алқасы М.Əлімбаев, С.Қалиұлы, С.Оспан, Б.Үсенбаев. - Алматы: Балалар əдебиеті, 2011.- 160 бет.: суретті. - (Тамыр)

  Ақпанбетұлы Əлсейіт //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы:Аруна, 2005. – 27 б.

  Ақпанбетұлы Əлсейіт //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 19-20 б.

  Ақпанбетұлы Əлсейіт //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б. - Алматы: Ана тілі, 2004.- 19-20б.

  Ақпанбетұлы Əлсейіт //Сыр елі. Қызылорда облысы: Əнциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 81 б.

Өмір деген бір қызық //Балалар бағының бағбандары [Мәтін]: Анықтамалық / Құраст. Ш.Күмісбайұлы.- Алматы: Балалар әдебиеті,2008.- 34-36 б.                                      

Қорғанбайқызы С.  Сәтті шыққан қойылым / С. Қорғанбайқызы //Сыр бойы.- 2013. - 16 ақпан. - 16 б.                                              Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Ә.Ақпанбетұлының "Түнгі   көбелек" қойылымы қайта өңделіп ұсынылды                                                  



 

09 сәуір 2015 ж. 16:40
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x