БОРАНБАЙҰЛЫ СЕЙІЛ1930 жылы 14 қаңтарда Қазалы ауданының Сағындық аулында дүниеге келген. 1953 жылы Қызылорда педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1957 жылға дейін Қостанай облысының Жангелдин, Қызылорда облысының Қазалы Аудандарында мұғалімдік қызмет атқарды. 1957-1962 жылдары аудандық «Социалистік жол» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор болып істеді. 1963-1982 жылдары аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы, 1982 жылдан 1990 жылға дейін облыстық «Ленин жолы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, облыстық баспасөз басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1966 жылы «Жазушы» баспасынан оның балаларға арналған «Ұстаз» атты әңгімелер жинағы, ал 1970 жылы «Жалын» баспасынан «Қалытқы» атты өлеңдер жинағы шықты. 1977 жылы шығарылған Қазақ Кеңес балалар поэзиясының антологиясында бір топ өлеңдері жарияланды. Бірсыпыра өлеңдері қарақалпақ тіліндегі «Дала туысқандығы», латыш тілінде шыққан «Дала қызғалдақтары» кітаптарында жарық көрген. 1980 жылы «Табиғатқа тіл бітсе», 1985 жылы «Мырза маусым», 1989 жылы «Қайырлы таң» кітаптары жарық көрді. 1999 жылы «Тұмар» баспасынан «Халқым қалай күн көрер?» жыр кітабы басылып шықты. 1959 жылдан Қазақстан журналистер Одағының, 1986 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Əдебиеттер:
Боранбайұлы С. Азаттық еді аңсаған: Таңдамалы шығармалары / Боранбайұлы С.; құраст.:Жұбаназар Асанов.- Алматы: Ел-шежіре, 2011.- 352 бет.- (Алаш мұрасы) Боранбаев С. Қалытқы. – Алматы: Жалын, 1975. – 43 б. Боранбаев С. Мырза маусым. – Алматы: Жазушы, 1985. – 79 б. Боранбайұлы С. Ой- менің мұңдасымда, сырласым да: Өлеңдер, толғаулар жəне дастандар / Боранбайұлы С.; Жауапты ред. Б.Кəрбозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 392 бет.-(Сырдария кітапханасы) Боранбаев С. Табиғатқа тіл бітсе. – Алматы: Жазушы, 1980. – 59 б. Боранбаев С. Ұстаз: Əңгімелер жинағы. – Алматы: Жазушы, 1966. – 68 б. Боранбайұлы С. Халқым қалай күн көрер?: Өлеңдер, толғаулар, дастандар /С.Боранбайұлы. – Қызылорда: Тұмар, 1999. – 236 б. * * * Боранбайұлы Сейіл //Жүректегі жауһарлар: Сыр елі ақын-жазушылар шығармаларының жинағы. – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 9 б. Боранбайұлы Сейіл //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 134 б. Боранбайұлы Сейіл //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 106 б. Боранбайұлы Сейіл //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 86б. Боранбайұлы Сейіл // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 176-177 б. Боранбайұлы Сейіл //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 207-208 б. Бекбергенова Р. Сейілге: С.Боранбаевқа арналған өлең / Бекбергенова Р. // Бекбергенова Р. Ана жүрегі.- Астана, 2009.- 168 б. Дайрабай Т. Сейіл ақын: Ақын С.Боранбаев туралы / Дайрабай Т. // Дайрабай Т. Тұғырлы тұлғалар.- Астана,2009.- 207-209 б Сағымбайұлы К. Аға туралы сыр: Ақын С.Боранбаев туралы / Сағымбайұлы К. // Мұхамедов М.,Сағымбайұлы К. Шығармалары.- Астана,2009.- 217-221 б. Абдрахманова Қ. Сейiл Боранбаев поэзиясындағы дəстүр жалғастығы // Ұлағат.- 2012. - № 1. - 30-34 б. Арықбаев К. Ары таза азамат: [ Ақын, қаламгер С.Боранбаев туралы ] // Сыр бойы. – 2009. – 12 қырк. – 5 б. Бекбергенова Р. «Қайырлы таң»: [Сейіл Боранбаевтың өлең кітабына рецензия] // Ленин жолы. – 1989. – 26 қазан Боранбайұлы Сейіл: Қазанама // Сыр бойы. – 2005. – 22 шілде Боранбайұлы С. «Поэзия – адамның жүрек сезімі, жан толқуы...»: [Ақын С.Боранбаевпен сұхбат / Сұхб. Н.Нұрмахан ] // Ақмешіт апталығы. – 2000. – 18 ақпан Данабаев Қ. Ақындық та дертпен тең : [Ақын С.Боранбаев туралы ] //Сыр бойы. – 2000. – 18 мамыр Жақып Ж. Сəкеңнiң мен бiлетiн сегiз қыры: Ақын Сейiл Боранбаев 75 жаста // Сыр бойы.- 2005. - 26 қаңтар. - 3-4 б. Кенжебай М. Адыра заманды жадыратпақ еді //Ана тілі. – 2008. – 17 шілде Мəкенəлі Ж. Қайран, Сəкең!: Ақын Сейіл Боранбаевтың өмірден өткеніне бес жыл /Ж.Мəкенəлі // Қазалы. - 2010.-24 шілде Мəмбетжан Қ. Өмiр мектебiнiң өрнектi ұстазы: Журналист-ақын Сейiл Боранбаев туралы эссе // Сыр бойы.- 2011.- 19 қаңтар.- 3б. Мəмбетжан Қ. Өмір мектебіне баулыған аға: Ақын Сейіл Боранбаевтың өмір жолы туралы естелік- эссе / Қ.Мəмбетжан // Қазалы.- 2011. - 15 қаңтар Отарбаев Р. Өлең-сөздің патшасы емес пе?: [Жазушы баспасынан шыққан Н.Хасановтың «Мен сенің ұлыңмын», Т.Қызықбаевтың «Сəуір лебі», С.Боранбаевтың «Мырза маусым» атты өлеңдер жинағынашолу] //Қазақ əдебиеті. – 1985. – 2 авг. – 10-11б. Сағымбайұлы К. Аға туралы сыр: [ Ақын С.Боранбаев туралы ] // Сыр бойы. – 2007. – 6 ақпан – 3 б. Сəдібекұлы А. Күндей нұрлы шуақты еді жырлары // Сыр бойы. – 2006. – 15 шілде Сопыбеков А. Өмірді өлеңменен өрнектеген: [С.Боранбаев туралы ] // Ленин жолы. – 1990. – 13 қаңтар Төлтаева Н. Ақын творчествосына арналды: [С.Боранбаевтың 60 жылдығына арналған шығармашылық кездесу кеші ]//Ленин жолы. – 1990. –7 сəуір |