КҮМІСБАЕВ ӨТЕГЕН1939 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, аудандық газетте әдеби қызметкер болып істеген. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қазақстан жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде (1963–1969), КСРО Ғылым Академиясының Шығыстану институтында (1969–1974) қызмет атқарған. 1974 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, ҚазҰУ-де оқытушылық қызметте болды. Филология ғылымының докторы (1990). Ө.Күмісбаевтың оннан астам өлең, әңгіме, повесть, ғылыми кітаптары жарық көрді. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1964 жылы жарық көрген. Оның «Алақан» (1966), «Менің кішкентай үйрегім» (1968), «Ақбота» (1972), «Ақшолпан» (1974), «Гүлсана бағы (1989) жыр жинақтары, «Жапырақтар түсіп жатыр» (1969), «Ауылдан шыққан жол» (1975), «Тіршілік тоқтамайды» (1976) атты әңгіме, повестері бар. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жеке жинақ болып шықты. «Солидарность», «Литература и ты», «Мы - молодые» секілді Мәскеуде шыққан жинақтарда басылған, шет елдер тіліне аударылған. Парсы-үнді классигі Әмір Хұсрау Дехлевидің «Жұмақтың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Раушан мен жүзім» өлең-поэмалар кітабын (1987), орыс тілінен Р.Ғамзатовтың, Вс.Рождественскийдің, Қ.Кулиевтің өлеңдерін аударған. Поляк революционері Адольф Янушкевич жөнінде роман жазған. Шығыс және қазақ әдебиетінің өзара байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс» (1995), «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» (1977), т.б. монографиялары жарияланды. 500-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығын алған. Əдебиеттер: Күмісбаев Ө. Ақ шолпан:Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1971. – 87 б. Күмісбаев Ө.Ақбота: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1974. – 71 б. Күмісбаев Ө. Алақан:Өлеңдер. – Алматы, 1966. – 95 б. Күмісбаев Ө. Ауғанстан достық құшағында /Ө.Күмісбаев.- Алматы: Қазақстан, 1988.- 168 б. Күмісбаев Ө.Ауылдан шыққан жол: Əңгімелер. – Алматы, 1975. – 176 б. Күмісбаев Ө. Екі перне /Ө.Күмісбаев.- Алматы: Жазушы, 1980.- 156б. Күмісбаев Ө.Жапырақтар түсіп жатыр: Повесть жəне əңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1969. – 92 б. Күмісбаев Ө. Ортақ арна: Əдеби-сын мақалалар. / Ө.Күмісбаев.- Алматы: Жазушы, 1985.- 176б. Күмісбаев Ө. Тіршілік тоқтамайды: Повестер, əңгімелер. / Ө.Күмісбаев.- Алматы: Жазушы, 1982.- 176 бет. Күмісбаев Ө. Шығармалары. Екі томдық / Ө.Күмісбаев; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы. - Астана: Фолиант, 2008.- (Сырдария кітапханасы) Күмісбаев Ө. Шығыс шайырлары: Шығыс ақындары поэзиясының антологиясы / Ө.Күмісбаев; Ред. Күлімбетов Ə.- Алматы: Қазығұрт, 2011.- 224б. Күмісбаев Өтеген Күмісбайұлы //Қазақ əдебиеті Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна, 2005. – 279 бетте. Күмісбаев Өтеген//Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2004. – 168 бетте. Күмісбаев Өтеген //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 212 б. Күмісбаев Өтеген //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 318-319 б. Күмісбаев Өтеген Нұржанұлы //Оразаев Ф. Қазақ əдебиетін зерттеушілер: Өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық . - Алматы: Рауан, 1991.- 162-164б. Күмісбаев Өтеген //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»ЖШС, 2005. – 272 бетте Дайрабай Т. Өтеген Күмісбаев //Дайрабай Т. Сыр перзенттері. – Алматы: Арыс, 2010. – 183-184 б. Алдамжаров Б. Сүлейлер сөзiн сезiнген: Шығыс əдебиетiн зерттеушi Ө.Күмiсбаев туралы // Лениншiл жас.- 1986.- 19 июнь Байтақов Е. Ақыл жастан, асыл тастан: Шығыс əдебиетiн зерттеушi, ақын, аудармашы Ө.Күмiсбаевтың творчествосы туралы // Қазақстан мұғалiмi.- 1984.- 8 июнь Бекниязов Т. Қалам қарымы: Ақын Ө.Күмісбаев 50 жаста / Т.Бекниязов // Ленин жолы.- 1989. – 20 май Жарылқасынов Р. Білгір тіл маманы, білікті ұстаз //Қармақшы таңы. – 2007. – 13 қаңтар Күмiсбаев Ө. "Мен үшiн бəрi таңсық едi...": [Əдебиетшi ғалымның өз өмiрiнен қысқа əңгiмелерi/ Дайын. С.Дəрiбай] // Заман-Қазақстан.- 1998.- 31 желтоқсан (N1).- 4 б. Күмісбаев Ө.Омар Хаям риза болып өлді ме, риза болмай өлді ме?: Шығыстанушы ғалым Ө. Күмісбаевпен сұхбат /Сұхб. Н.Аманжол // Айқын.- 2008. – 12 сəуір Күмісбаев Ө. Хаққа жол іздеуіме Шығыс шайырлары себепші болды: Шығыстанушы ғалым, проф.сұхбат /Сұхб. Т.Тəшенов //Айқын.- 2009. – 1 тамыз. – 3 б. Орда Г.Сегiз қырлы, бiр сырлы :Ақын, ғалым Ө. Күмiсбаев жайында // Қазақстан мұғалiмi.- 2009. - 27 наурыз (№5/6).- 6 б. Өтеулiұлы Ө. Шығыс шайырларының жақұт жырлары: Филология ғылымдарының докторы Ө.Күмiсбаевтың "Шығыс шайырлары" атты жинағының жарыққа келуi //Алматы ақшамы. - 2011. - 26 қараша (№139). - 14 б. Сапарбаев И. Уақыт елегiнен өтер өлең...: Ақын Ө.Күмiсбаевтың өлеңдерiне сын // Қазақ əдебиетi. - 1984. - 20 янв. Сыдықов Т. Өтегеннiң "Өтегенi": [Жазушы Өтеген Күмiсбаевтың шығармашылығы туралы] //Алматы ақшамы. - 1999.- 1 ақпан Сыдықов Т. Сахара сырын аралай бiлген: [Жазушы Ө.Күмiсбаевтың "Польша перзентi" атты романы туралы] // Қазақ Елi.- 1997. - 30 мамыр (N21). - 6 б. Тебегенов Т. Талант пен таным жемісі: Қаламгер Өтеген Күмісбаев туралы / Т.Тебегенов // Сыр бойы. - 2009. - 21 наурыз |