KITAPKHANA.KZ
kz ru

ОСПАН СЕЙФОЛЛА

    1938 жылы 15 желтоқсанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. 1966 жылы ҚазМУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген. Қызылорда паровоз депосында (1956–1957) жұмысшы, Алматыдағы «№75 құрылыс тресінде» (1957–1958) моторист болып істеген. 1958–1997 жж. «Жазушы», «Рауан», «Қазақстан» баспаларында корректор, редактор, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильмде» аудармашы әрі редактор, «Ара-Шмель» журналында бөлім меңгерушісі, халықаралық «Түркістан» газетінде меншікті тілші қызметтерін атқарған.

    1961 жылы жарық көрген «Жас дәурен» атты ұжымдық жинақтан бастау алған шығармашылығы кейін балаларға арналған «Қалақай», «Балақойған», «Жалбыз» атты жыр жинақтарымен қоса «Жазғы жауын», «Бақытқа хат», «Құндыздым, менің жұлдыздым», «Ар мен ән», «Жанарымда жан сырым», «Көңіл сәулесі», «Самала» т.б. жыр жинақтарында жалғасын тапқан. 2004 жылы «Алдымнан атқан ақ таңым», «Қанағат» атты таңдамалылары «Сырдария кітапханасы» сериясымен 2009 жылы «Қанағат», «Тағзым», «Жалбыз» сияқты үш томдық жыр жинақтары жарық көрген. Және осы «Сырдария кітапханасына» Қалтай Мұхамеджанның бес томдығын, Әбірәш Жәмішев, Әбдікәрім Ахметов, Қанапия Дәрібаев, Мұхамеджан Қаратаевтың кітаптарын құрастырып шығарған. Балалар сахнасына лайықтап өлеңмен «Мұңлық-Зарлық», «Асан-Үсен», «Аяз би» атты пьесалар жазған.

    Шығыстың ұлы шайырларының бірі Әбдрахман Жәмидің бәйіттерін, А.Тверскойдың Назым Хикмет өмірінен жазған «Босфор үстіндегі ән» хикаятын, В.Биянкийдің «Қай құстың тұмсығы жақсы», Нагаевтің «Тайгадағы айқас», З.Аксаковтың «Алқызыл гүл» шығармаларын, А.Бартоның, түрікмен ақыны Тәңірқұлиевтың, Ә.Фирдаусидің, Ә.Рудакидің, Насыр Хұсыраудың, әзірбайжан ақыны Нәсимидің бірқатар жырларын аударған. Бұған қоса орыс классиктері А.Пушкин, М.Лермонтов, түрік ақыны Назым Хикмет, өзбек ақыны Ғафур Ғұлам, балкар ақыны Қайсын Кулиев, тәжік ақыны Момын Каноатовтың және венгр, ангола ақындарының топтамалары мен жекелеген шығармаларын қазақша сөйлеткен. Өз жырлары орыс, украин, қырғыз т.б. тілдерде жарық көрген. Кино саласында 60-тан астам фильм аударып, оның ішінде Ә.Фирдоусидің өлеңмен жазылған «Шаһнамасы» желісімен түсірілген «Рүстем-Сүһрап» (бір бөлімді), «Сияуыш туралы аңыз» (екі бөлімді), фильмдердің өлеңдерін, сондай-ақ қырғыздың «Айчурек» операсы либреттосын қазақшалаған. Сонымен қатар бір томдық «Қалтай қалжыңдарын» құрастырып, оның алғы-соңғы сөздерін жазған. Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарландары жайлы мақалалар жинағы «Білім» баспасынан «Қанаты қырқылған қырандар» (2008), «Бала болмай, дана болып туғандар» ( 2009) деген атпен екі том боп жарық көрген.

    Қазақстан Журналистер одағының Ахмет Байтұрсынов атындағы жүлдесінің иегері, Бұқар жырау және Асқар Тоқмағамбетов атындағы жыр мүшәйраларының бас жүлдегері. Райымбек батыр атындағы мүшәйраның жүлдегері.

     Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты» мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің, «Құрмет» орденінің иегері (2005). Қызылорда облысының Жалағаш, Сырдария аудандарының Құрметті азаматы (2001).

 

 

Əдебиеттер:


   Оспанов С. Бақытты үй / С.Оспанов.- Алматы: Жазушы,1987.- 176бет.

   Оспанов С. Балақойған: Аңыздар, өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар / С.Оспанов. - Алматы: Жазушы,1971.- 32 бет.

  Оспанов С. Балдай тайдың баурайында / С.Оспанов.- Алматы: Жалын, 1990.- 304 бет. Оспанов С. Жазғы жауын / С.Оспанов.- Алматы:Жазушы, 1966.- 48 бет.

  Оспан С. Жалбыз: Ертегілер, аңыздар өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар /С.Оспан.- Алматы: Балалар əдебиеті, 2011.- 160 бет.- (Тамыр)

  Оспанов С. Құндызым менің, жұлдызым /С.Оспанов.- Алматы: Жалын, 1979.- 66 бет. Оспанов С. Самала: Өлеңдер / С.Оспанов.- Алматы: Жазушы,1988.- 120 бет.

   Оспанов С. Сырбай Мəуленов-журналист, публицист: Филология ғыл. канд. дисс. автореф. / С.Оспанов.- Алматы,2000.- 33 б.

   Оспан С. Шығармалары: Үш томдық / С.Оспан; Жауапты ред.Б.Кəрібозұлы. - Астана: Фолиант, 2009. - (Сырдария кітапханасы)

   Оспан Сейфолла Міркемелұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 419 б

   Оспан Сейфолла//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 314-315 б.

   Оспан Сейфолла //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 246 б.

  Оспанов Сейфолла // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. Анықтамалық /Құраст. С.Ахметов, Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 486-487 б.

   Оспан Сейфолла // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 413-414 б.

   Оспан Сейфолла//Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 175-176 б.

   Нұрғалиев Ө. Поэзияда жүкші - өмірде ақын:Ақын Сейфолла Оспанныңөлеңдері жайлы / Ө.Нұрғалиев. //Оспан С. Шығармалары.- Астана, 2009.-т.2. - 412 – 425 б.

   Адырбекұлы К. Қатардағы Сəкем деп жүрсем өзім...: Ақын С.Оспан туралы//Түркістан. – 2008. – 4 желт. – 7 б.

   Аманұлы Ж.Семсер қаламды қайсар жан: Журналист Сейфолла Оспанның шығармашылығы // Ақиқат.- 2008. - № 11. - 213-216 б.

   Əбділдаұлы О. Алуан қырлы ақын: Ақын С.Оспанұлының шығармашылығытуралы //Жас Алаш. – 1995. – 12 сəуір

   Əлем ғашық Сейфоллаға: Ақын С.Оспанға арналған өлеңдер //Ақмешіт ақшамы. – 2000. – 19 мамыр

   Дəрiбаев Қ. Сұңғат Сейфолла: [Ақын С.Оспановтың шығармашылығытуралы]// Алматы ақшамы.- 1998.- 14 желтоқсан

   Елеукенов Ш.Сезімі сергек Сейфолла: Ақын С.Оспан жайында //Егемен Қазақстан. – 2008. – 27 желт. – 5 б.

  Жұмабай Ə. Ізгілік пен имандылық жыршысы //Түркістан. – 1998. – 23-29 желт. – 4 б. Жұмабаев Ə.Сейфолла Оспанов: Мақтана алсаң, мақтан ащы шындықты айттым деп:

   Ақын С.Оспан туралы //Қазақстан-Заман. – 2008. – 11 желт. – 18 б.

   Оспан С. Отты да ойлы жыр керек: Ақын С.Оспанмен сұхбат / Сұхб. Ж.Жамалов//Алтын Орда. – 2008. – 4-10 қырк.

   Серiкбайұлы Б. "Жап-жасыл нуға айналып көктем ендi...": [Ақын С.Оспановтың шығармашылығы туралы] // Халық кеңесi.- 1995.- 8 шiлде

   Серікқалиұлы З. Ақындық пен имандылық: Ақын С.Оспан 60жаста //Сыр бойы. – 2000. – 20 мамыр

   Серiкқалиев З.Ақындық пен имандылық : Ақын Сейфолла Мiркемелұлы Оспановтың шығармашылы мен аудармашылығы жайында //Жұлдыз.- 2010. - № 7.- 166-176 б.

  Сомжүрек Ж.Қарапайым қағидалы ақын жайлы үзiк сыр немесе Сейфолла Оспанов хақында //Ана тiлi.- 2008.- 11 желтоқсан (№50).- 29 б.

   Уəйіс К. Көзінің шешен дүрлердің: Ақын С.Оспанға арналған өлең //Қазақстан Заман. – 2008. – 11 желт. – 18 б.

   Шаңғытбаев Қ. Жыр мінезден туады: Ақын Сейфолла Оспановтың шығармашылығы туралы //Егемен Қазақстан. – 1998. – 29 желт. – 8 б.


 


23 сәуір 2015 ж. 14:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x