KITAPKHANA.KZ
kz ru

ШӘРІП АМАНТАЙ

     1965 жылы 1 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. Ақын, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (2001). ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1988), Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін (1997) бітірген. 1988-1996 жж. ҚазҰУ-де стажер-зерттеуші, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1996–1997 жж. Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 1997–2000 жж. ҚазҰУ-дің докторантурасында оқыған. 2000–2004 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде кафедра меңгерушісі, проректор, 2004-2005жж. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры қызметтерін атқарған. 
         Өлеңдері мен әдеби-сын мақалалары республикалық баспасөзде 1979 жылдан бастап жарық көрген.
       А.Шәріптің «Қарлығаш» (1987), «Жас толқын жаңа арналар» (1990), «Сұлтанбек Қожанұлының әдеби мұрасы» (1994), «Құбыла», «Қайраткердің қаламгерлігі» (1995),  «Қазақ поэзиясы және ұлттық идея» (2000) атты кітаптары жарық көрген.
       «Дарын» мемлекеттік  жастар сыйлығының лауреаты (2000).
 
 

Əдебиеттер


   Шəріп А. Алтын арқау: ғылыми-танымдық мақалалар / А.Шəріп.- Алматы: Арыс, 2009.- 128 б.-(Зерттеу)

   Шəріп А. Сөз өнері жəне ұлттық рух: Оқу құралы / А.Шəріп.- Астана: Педагогика- Пресс Баспа үйі, 2010.- 240 б.

   Шəріпов А.Ж. Сұлтанбек Қожанұлының əдеби-публицистикалық мұрасы: Филология ғыл.канд.дисс.автореф. / А.Шəріпов.- Алматы, 1994.- 29 б.

   Шəріп А. Шығармалары: Құбыла / А.Шəріп, Н.Елтай, Қ.Əшірбекұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 400 б.- (Сырдария кітапханасы)

   Шəріп Амантай Жарылқасынұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 552 б

   Шəріп Амантай//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева.– Алматы: Ан Арыс, 2009. – 430 б.

   Шəріп Амантай //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 339 б.

   Шəріп Амантай // Сыр елі.Қызылорда облысы: Энциклопедия/ Бас ред.Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 519 б.

   Шəріп Амантай //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 199-200 б.

   Аманжолов Қ. Ұлттық идея өшпек емес: [А.Шəрiптiң "Қазақ поэзиясы жəне ұлттық идея" атты моногр. туралы] //Жас Алаш.- 2000.- 12 қыркүйек

   Тоқтағазин М. Амантай Шəрiп - "Алаш" институтының директоры //Айқын.- 2012. - 17 наурыз (№51). - 8 б.


24 сәуір 2015 ж. 09:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x