Жаманбай батырҚазақ халқы егемендікке қолы жетіп, тәуелсіздік алғаннан бері тарих қойнауына жаңа-жаңа кіріп, көмескіленіп қалған тарихымызды, елдігімізді, осыншама кең жерді сақтаудағы ерлігімізді енді ғана көрсете бастады. Жоңғар қалмақтарына қарсы тәуелсіздік үшін болған 1723 ж. Отан соғысы тарихтағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлуша» оқиғаларын зерттей, талдай келе, сол кездегі сыртқы жауларға қарсы елдің басын біріктіріп, қалың қол жинап, қаһармандық ерлік көрсетіп, аттары аңыз боп ел аузында сақталған батырлардың ерлік ісі аты енді көптеп ашылып, айқындалып келе жатыр. Сондай батырлардың бірі сол кездегі Шекті деген жалпақ елдің Кішкене тайпасынан шыққан Үсен руының Жаманбай батыры. Жаманбай батыр соғыс тәсілдеріне жетік еді. Жауға шетінен тиіп ортаға түсіп қалмау батырға таптырмайтын тәсіл болатын. Емен найзаны ұршықтай иіріп шанышатын. Найзаласқан кезінде көз ілмей қарсыласын не қағып жіберіп, не түйреп түсіретін. |