Келмембет батыр Келмембет Келдібайұлы (шамамен 1648-1673) – батыр. Кіші жүз құрамындағы
Шөмекей руының Бозғұл (бозғыл) аталығынан шыққан. Өмір сүрген кезі қалмақтардың
Жайық бойын жаулап алып, Еділге өткен жеріне тура келеді.
Келмембет үш ағайынды ағалары Үсейін, Қожагелді үшеуі жастай жетім қалған күн көру үшін үшеуі де байдың малын бағып жалданады. Келмембет жылқы бағады. Төл, қой, басы аман асау аттарды тырп еткізбей бас білдіреді. Бай бұған риза болады. Бір күні таң алдында сарықасқа құлындайды. Ол ерекше болады. Кейін ақысы үшін байдан осы құлынды сұрайды. Екі жылғы еңбегінде сұрамай ұлықсат алып Сарықасқа атпен еліне жүреді. Жолай жуан жыңғылды түбірімен жұлып алып тақымына басып жүре береді. Біршама уақыт өткенде артына қараса 15 адам сойылмен қуып келеді екен. Дереу алдына қарсы шығып, лезде сойлмен бәрін ұрып құлатып аман кетеді. Күздің бір кезінде Сарықасқа беске шығады. Осы кезде хан алдағы сәрсенбіде қалмақ қамалына шабуыл жасайтынын біледі. Сол жорыққа сарықасқа тұлпарымен Келмембетте ереді. Қамалды бір жеті бойы ала алмайды. Қар аралас жауынға шыдамай жауынгердің бастары іри бастайды. Осы кезде хан қамалдың алдынан, батысы мен шығысынан үш жақтап шабуылды ұйымдастырады. Бұл кезде Келмембет қасындағы жауынгерімен ту сыртынан шабуыл жасап қамалды бұзады. Содан «Сарқасқа атты сарбаз» атанып кеткен. Жауды жеңіл болғаннан кейін сарықасқа тұлпармен қамалды бұзған батырды іздейді. Бұл уақытта әбден шаршаған Келмембет батыр бір жерде демалып жатқан екен. Жауға шабуыл жасап жатқан кезде, үстіндегі тоны термен, жауынмен ұзарып кедергі жасаған соң қылышпен етегін кесіп тастаған. Көн қойса қалпына барады деген. Тоны келте болып қалған екен. Хан қасына шақырып алып батырдың атын сұрайды, атым Келмембет бейді батыр. Сонда хан «Келте тонды, Келмембет, келбетіңе рахмет», - дей батырдың қолын алып, арқасынан қағады. Оның кедейліктен үйлене алмай жүрген жағдайын білген хан. Мол олжамен қатар, үшеуіне екі қалмақ қызын, бір әйел беріпті. Әйелді ағаларына беруге ұялып, үлкен ағасы Үсейінге уәзірдің қызын береді. Сондықтан олардан би, байлар көп шығады. Ал екінші қызды екінші ағасы Қожагелдіге береді. Ол бақсының қызы екен, сондықтан Қожагелділерде батырлар көп шығады. Әйелді өзі алады, ол шаруаның қызы екен. Көп ұрпақ тарайды. Кейін хан Келмембетті қасынан тастамай бірнеше жорықтарда жеңіспен оралып жүреді. Соңғы жорыққа жүрер алдында әйелі Ханбибі мені екі айлық балаң Әлдеберліні кімге тастап барасың деп сұрайды. Сонда батыр сендерді бір құдайға тапсырамын дейді. Сол соғыста Келмембет ерлікпен мерт болады. Екі қайнағасы әмеңгерлік жолмен келініне сөз айтады. Бірақ Ханбибі мені інілерің бір құдайға тапсырған деп тұрмысқа шықпайды. Сол екі айлық Әлдіберліден тараған қазіргі сарқасқа рулары. Олар қазір Қызылорда облысында, Қызылорда қаласында, жалағаш, Қармақшы аудандарында тұрып жатыр. Ақтөбе, Атырау облыстарында, Қарақалпақ, Өзбекстан, Ауғанстан елдерінде тұрады. Молдахмет Дабылұлы (1893-1946) Келмембетке арнап «Сарғасқа атты Келмембет» атты дастан жазды. Жазушы Қ.Көпіштің 1958 ж. Алматыдан «Сарқасқа атты сарбаз батыр», 1998 ж. Мәскеуден «Воин на саврасом коне» деген атпен жыр жинақтары,1996 ж. Т.Деменовтің «Келте тонды Келмембет» атты кітабы шықты. 1999 ж. Қызылорда қаласында Келмембет батырға арнап ескерткіш орнатылды. Ескерткіш мыстан сомдалған, бикітігі – 5 м. Авторлары – жергілікті суретші-мүсінші Қ.Зәкіров пен шымкенттік мүсінші Қ.Мәлібеков. |