KITAPKHANA.KZ
kz ru

Нәлібай батыр

     Нәлібай батыр 1780 ж. дүниеге келген. Нәлібай Жетірудың Керейтінің Жаңабатыр аталығынан шыққан. Шамамен Бұқарбай, Тоғанас батырлардан да әрі, Байқадам, Жанқожа батырлармен дәуірлес деуге болады. Нәлібай төңірегіне адам үйірілген өз заманының айтулы тұлғасы. Ол кісінің Сыр бойы тарихында өзіндік орны бар. Үлкен бір соғыста Нәлібайдың екі баласы қаза тапқан Қырмақшы жағында мұнара да салынған екен.

     Нәлібай туралы жаршы сөзі бар. Мұны біреулер Нысанбай ақындікі дейді.

Бір жүз бірде жасы бар,

Ат басындай басы бар,

Қарыс-сүйем қасы бар.

Әр кірпігі бір найза.

Өзі батыр, өзі би

Нәлібайдың асы бар.

Қасиетін білсе, ұрпағың.

Біз де сондай болсақ деп,

Тыпыр-тыпыр асығар.

Әлібай, Әлі балаға,

Адал бол деген анаға,

Ат пен қару дайындап,

«Ие бол» деген далаңа,

Төртқараның сұлуы,

Бегісанның анасы,

Қалампыр аса қоса бар.

Сейітқожа асаба,

Пірлер қонған босаға,

Ошақ басы Жетіру

Кіші жүз жүрер арада,

Арманда қалмай, ағайын.

Сенбі күні іс басы

Жұма күні қонаға

Жетіңдер баптап тұлпарды,

Жанабазар қалаға.

     Осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын, яғни 1882 жылы жаршы осылай деген. Нәлібай жүз бір жасқа келіп өлген. Дүниеден өткенше қуаты қайтпай тың қалпында кетіпті. Нәлібайдың аты, ол жүрген жерлер, оған қатысты оқиғалар ел есінде қалған. Кейінгі ұрпақтар оның қасиетіне тәнті болып, әруағына сыйынады.


04 май 2015 г. 13:02
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x