KITAPKHANA.KZ
kz ru

Шалқошқар батыр

      Шалқошқар батыр 1770 жылы, қазіргі Қазалы ауданы Бекарыстан би атындағы ауылда туып, 1811 жылы дүниеден өткен. Кіші жүз Әлім тайпасының Шекті Кішкенесінен шыққан. Ел аузында сақталған аңыз әңгімелерге қарағанда Шалқошқардың батырлығы, алып-күштілігі жас кезінен-ақ аңғарылған. Ағайын-туысқа өте сыйлы, қолы жомарт, дау-дамайды бітімгершілікпен шешетін ақылды кісі болған.

     Түрікмендерге қарсы соғыстарға қатысып, олардың бейбіт жатқан елге тұтқиылдан жасаған шапқыншылықтарына өз жасақтарымен тойтарыс берген. Жаудың батырларын жекпе-жекте жеңген, тұтқынға түскен адамдарды азат етіп, барымтадағы малды қайтарған. Сүйегі Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылында жатыр. Ұрпақтары негізінен Қазалы ауданында тұрады.


04 мамыр 2015 ж. 13:34
0 қарау
Пікір
1
Шалқошқар батыр туралы Арал қаласында қандай іс-шара өтілді екен. Қашан? Мүмкін болса айтып жібере аласыздар ма?
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x