ЕСБОЛОВ ДҮЗБАЙ 1938 жылы Д.Есболовқа тұңғыш рет колхоз отары сеніп тапсырылды. Есболов малды күтіп-бағу ісін жетілдіріп отырды. Ұлы Отан соғысы жылдары ол Совет Армиясы үшін көптеген сәйгүліктер өсірді. Соғыстан кейінгі жылдары бұдан да зор табыстарға жетті. 1947 жылдан қарауындағы 55 биенің әрқайсысынан құлын алып, аман өсірді. Д.Есболов еңбекті ерлігі үшін СССР Жоғары Советі Президумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Указымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. 1964 жылы зейнетке шықты. Есболов Дузбай 1968 жылы 28 наурызда 97 жасында дуниеден озды. |