КИМ ЧАН ДЕНКим Чан Ден 1897 жылы Солтүстік Кореяда туған. 1900 жылы оның ата-анасы Владивостокқа жақын жердегі балықшылар поселкесіне көшіп келді, мұнда оның әкесі, одан соң Чан Деннің өзі балық аулаумен шұғылданды. 1937 жылы Ким Чан Ден Қазақстанға көшіп келді. Қызылорда облысына көшіп келгеннен кейін Шиелі ауданының «Авангард» колхозында күріш өсірумен айналысты. 1959 жылға дейін звено жетекшісі болып істеді. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 наурыздағы Жарлығымен Ким Чан Денге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Күріш, жүгері өсірудегі жоғары көрсеткіштері үшін СССР Халық шаруашылығы жетістіктері мен Қызылорда облыстық ауыл шаруашылық көрмелеріне қатысу правосына ие болды. Ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету ісіне қосқан үлесі үшін ол көптеген дипломдар, ескерткіштер, медальдар алды. 1959 жылы Ким
Чан Ден зейнетке шықты. 1962 жылы қайтыс болды.
|