KITAPKHANA.KZ
kz ru

КИМ ЧУН МАН

       Ким Чун Ман 1898 жылы Солтүстік Кореядағы Хагунак ауылында дүниеге келген. Алғашқы кезде Приморье өлкесі Ольгин ауданындағы «Красный Авангард» колхозында омарташы болды.

          1937 жылы Ким Чун Ман Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Гигант» колхозына көшіп келіп бастапқыда омарташы, одан кейін күрішшілер звеносының жетекшісі болып істеді. Ол бал араларының өмірін зейін қойып зерттеді, шешек атқан түрлі дала гүлдеріне бақылау жүргізді, аралардың ұяларын дер кезінде соны жерлерге ауыстырып отырды. Ұлы Отан Согысы жылдары «Гигант» колхозының бал араларының ұяларынан алынган осы бір теңдесі жоқ шипалы тағамнан мыңдаған жараланған қызыләскерлер тез айығып жатты.

         1945 жылы «Гигант» колхозы күріш егісінің көлемін едәуір ұлғайтты. Ким Чун Ман күрішшілер звеносын басқарды. Ол агрономның кеңесін бұлжытпай орындады, әйгілі күрішшілер Ким Ман Сам мен Ыбырай Жақаевтан мол өнім өсірудің жолдарын жалықпай үйренді. Арада бірнеше жыл өткен соң ол тамаша көрсеткіштерге жетті. 1949 жылы оның звеносы 6,5 гектардан рекордты өнім — 83 центнерден күріш алды. Осы табысы үшін СССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1950 жылғы 21 маусымдағы Жарлығымен Ким Чун Манға Социалистік Еңбек Ері атағын берді. 1960 жылы зейнетке шықты.

04 мамыр 2015 ж. 17:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x