KITAPKHANA.KZ
kz ru

ЦОЙ ГИ ХВА

     Цой Ги Хва 1911 жылы Солтүстік Кореяда туған. Еңбек ардагері, Соц. Еңбек Ері (1949). 1920 жылы ата-аналарымен Примор өлкесіне көшіп келіп, «Кантон коммунасы» колхозына кіреді. 1937 жылы Қызылорда облысына қоныс ауыстырды. 1956-1961 жылдары күрішшілер бригадирі, 1961 жылдан Тереңөзек кеңшарында бөлім бастығы болып қызмет атқарған.

     Күріш плантациясында Цой Ги Хва 30 жылға жуық еңбек етті. Осы жылдар ішінде ол елімізге көп астық берді. Цой Ги Хва күріш өсірумен айналыса бастаған кезде дихандар кетпенмен істеді, арықтар қолмен қазылды, егістік жер қурайдан қолмен тазартылды, тыңайтқыш да жоқтың қасында еді. 1948 жылы Цой басқарған бригада қарауындағы 5 гектар күріштің әр гектарынаи 95 центнерден өнім жинады. Бұл қажырлы еңбекті ақтаған үлкен жеңіс еді. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

     1953 жылы Цой Ги Хва ауыл шаруашылық орта мектебіне оқуға түсті. Туған колхозына 1956 жылы қайтып оралған соң күріш өсірушілер бригадирі болып тағайындалды. Мұнда өзінің ұымдастырушылық қабілетін көрсете білді. Цой Ги Хва «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1964 жылдан бері Тереңөзек совхозы 2-бөлімшесінің басқарушысы қызметін атқарды (колхоз 1961 жылы шаруашылықты ірілендіру кезінде совхоздың құрамына енген).

     1966 жылы Цой Ги Хва басқаратын бөлімше көлемі 1179 гектар егістіктің әр гектарынан 36,7 центнерден дән бастырды. Күріш өсіруде мұндай табысқа қажырлы еңбектің, күріш егудің озат әдісін үнемі ізденіп, жетілдіре берудің, қажетті тыңайтқыштарды табудың, егіс көлемін ұлғайтып, техниканы тиімді пайдаланудың, агротехникадағы жаңалық атаулының бәрін үйренудің арқасында қолы жетті.

08 мамыр 2015 ж. 11:18
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x