KITAPKHANA.KZ
kz ru

МАХАМБЕТОВ ЖАҚЫПБЕК

    1912 жылы 5 наурызда Сырдария ауданының "Шолақарық" бойында сіңірі шыққан кедей жатақтың отбасында дүниеге келген.

  Ж.Махамбетов соғысқа дейін облыстағы алғашқы тракторшылардың бірі болды. 1942 жылдың қаңтарында әскерге алынды. Механизаторлық мамандығы бар қазақ солдаты станокты пулеметтің тілін тез игеріп алды. Аз күнгі әзірліктен соң әуелі Калининград майданындағы соғысқа кіреді, шайқастағы ерлігі үшін "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.

    1943 жылдың 2 қазаны күні Жақыпбек Махамбетов қолдан буылған салмен жаудың қардай бораған оғының астында өзінің азғана тобымен бірге Днепр өзенінен өтеді. Жаудың шабуылына тойтарыс бере отырып, "Максим" пулеметімен 43 фашисті жайратады.

    Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының І944 жылы 24 ақпандағы Жарлығымен Днепр өзенінен еткен кездегі және оның оң жағыңдағы бекіністі ұстап тұрудағы ерлігі мен өжеттігі үшін Жақыпбек Махамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

    Ж.Махамбетов соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт еңбекке белсене араласты. Ұжымшар басқармасының ауылдық қеңесінің төрағасы, Сырдария ауданыңда кеңшар бөлімше басқарушы болып қызмет атқарды.     Қазір туған ауылы Батыр есімімен аталады. Қызылорда қаласының көшесіне және қаладағы №43 мектепке Ж.Махамбетов есімі берілді.


08 мамыр 2015 ж. 12:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x