KITAPKHANA.KZ
kz ru

ИБРАИМОВ ӘБДІҚАДЫР

    Еңбек ардагері. 1937 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1965-1986 жылдары орта мектепті бітірген соң, Қызылорда қалалық Кеңесі атқару комитетінде бөлім бастығы, кейін Қызылорда, Шиелі және Атырау астық өнімдері басқармасының бастығы болған. 1986-1991 жылдары аралығында Қызылорда қаласындағы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы астық өндіру комбинатында директордың орынбасары қызметінде болған. Қазіргі кезде Қызылорда қаласындағы «Үкілі үміт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарып келеді. 1995 жылы Мекке, Мәдина қалаларында қажылық сапарда болып, «қажы» атанып келген. Ел игілігі үшін өз қаражатына «Ыбырайым молда» мешітін салдырып, 1300-ден астам мектеп жасындағы балалардың діни сауаттылығын ашып, оқытқан.

     2008 жылдың 23 желтоқсанында «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

08 мамыр 2015 ж. 16:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: