КЕРЕЕВ МӘДІ ҚҰРМАНҰЛЫМәди Құрманұлы Кереев 1929 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, №18 ауылында туған. Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының кандидаты. 1948 жылы Алматы педагогикалық институтын бітіріп, Қызылорда педагогикалық институтына жолдамамен келеді. 1959-1964 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінің лекторлар тобының, мектеп және ғылым бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1964 жылдан бастап Қызылорда педагогикалық институты, Қорқыт ата атындағы университетінде кафедра меңгерушісі, декан, проректор, профессор болып жұмыс істейді. Мәди Құрманұлы жарияланған ғылыми еңбектерінің саны 100-ден асады. 7 оқу әдістемелік құралы бар. Өлке тарихына байланысты жазылған "Қызылорда облысы комсомол ұйымының тарихы", "Город на Сырдарье", "Перовская большевистская организация", "Сыр бойының ару қаласы", "Сыр өңірі тарихы", "Қызылорда", "Өнегелі өмір, өшпейтін рух" атты кітаптардың авторы. "Сыр өңірінің суармалы шаруашылығы" атты кітапшасын шығарды және осы тақырыпта тарих ғылымының кандидаты дәрежесі үшін кандидаттық диссертация қорғады. Ол ғылыми және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін "КСРО халық ағарту ісінің үздігі", "КР білім беру ісінің үздігі" белгілерімен, "Құрмет белгісі" орденімен және "Астана" медалімен марапатталды. Қазақ КСР-ы Жоғарғы 1999 жылы 16 шілдеде "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді. |