KITAPKHANA.KZ
kz ru

ҚАЛИЕВ ЫДЫРЫС ҚАЛИҰЛЫ

   Ыдырыс Қалиұлы Қалиев 1925 жылы 15 мамырда Қазалы ауданында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1943-1950 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет етті. Соғыстан оралған соң алдымен теміржолда көмекші машинист болды. Мәскеудегі жоғары партия мектебін бітіріп келген соң бес жыл бойы Қызылорда қалалық партия комитетінің екінші хатшылық қызметінде, Арал аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болды. Осы аудандағы жемісті қызметі үшін ол республикалық Құрмет грамотасымен наградталды. Партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Облыстық атқару комитетінің төрағасы кезінде ол қала мен облыстың экономикасы мен мәдениетін көтеруге айрықша үлес қосты.

   Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына екі мәрте сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденінің 2 мәрте, "Құрмет Белгісі" орденінің иегері. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.

1995 жылы 28 сәуірде "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.

 


08 мамыр 2015 ж. 17:06
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: