KITAPKHANA.KZ
kz ru

ШӘРІПОВ ЖАРЫЛҚАСЫН

   Жарылқасын Шәріпов 1941 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бозкөл ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1963 жылы Ташкент қаласындағы ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру институтын, 2002 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық университетін бітірген. 1963-1968 жылдары Бозкөл кеңшарында машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, Энгельс атындағы кеңшардың және Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, 1968-1975 жылдарда Энгельс атындағы совхоздың директоры, 1975-1988 жылдары Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, аудандық Кеңес атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 1988-1991 жылдары облыстық Агроөнеркәсіптік бірлестігі бастығының орынбасары, облыстық Агроөнеркәсіптіктехника бірлестігінің бастығы. 1991-1994 жылдары Қазалы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық Кеңес төрағасы, аудан әкімі қызметтерін атқарды. 1994-1996 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, 1996-2003 жылдары Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүліктер жөніндегі орталықтың директоры. 2003 жылдан облыстық мәслихат депутаты, облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы.

   «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет» ордендері және басқа да медальдармен марапатталған.

  2009 жылы ІҮ шақырылған Қызылорда қаласының мәслихатының шешімі, Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен облыс, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосып, ел игілігіне жасаған қызметі үшін «Қазалы ауданының құрметті азаматы» Жарылқасын Шәріповке «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 


08 мамыр 2015 ж. 18:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x