KITAPKHANA.KZ
kz ru

Жұмабек Аққұлов

    Жұмабек Жарылқасынұлы Аққұлов 1943 жылы 1 мамырда Жалағаш ауданы, «1 Май» ауылдық кеңесіне қарасты Жамбыл атындағы колхозда дүниеге келген. 1971 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың «Музыка және ән» бөлімін бітірген. 1981 жылы Мәскеуде өткен ауыл шаруашылығының Бүкілодақтық көрмесіне қатысып, қола медальмен оралды. 1994 жылға дейін Жалағаш ауданында балалар музыка мектебінде оқытушы, директор, аудандық оқу бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарды. 1994 жылдан бері Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, жырау. Сыр сүлейлерінің жыраулық дәстүрін насихаттап, кейінгі ұрпақтарға үйретіп жүрген білгір маман. Ол 1955 жылдан бері осы күнге дейін Сыр сүлейлері шығармаларын насихаттап, зерттеумен келеді. 1840 жылдарда жазылған Сайыпназар ахунның «Мұхаммед-Ханафия» дастанын, халық ауыз әдебиетінің 100 жылдығына арнап қиссаны өз орындауында ноталық жазбасын күйші Төлепберген Тоқжанмен бірлесе отырып баспаға ұсынды.1981жылы Жалағаш аудандық «Алтын Арай» халық ән-би ансамблі құрамында Мәскеу қаласында Халық шаруашылығы жетістіктерінің Бүкілодақтың көрмесінде өнер көрсетіп қола медальмен, 1983 жылы КСРО композиторлар Одағының құрмет грамотасымен, облыс әкімінің, университет ректорының алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалінің иегері, 2008 жылы бірнеше шығармалары «Сыр сүлейін сұрасаң...» атты музыкалық альманахқа енгізіліп, компакт дискіге түсірілді. Облыстық мәдениет саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы.


28 мамыр 2015 ж. 16:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x