Өнер бойынша әдебиет бөлімі Оқырмандарға ұлттық өнерімізді,жалпы өнер адамдары мен өнер зерттеушілерінің еңбектерін насихаттайды. Ноталық – музыка залы музыкалық жабдықтармен (фортепьяно, баян,домбыра,қобыз,сыбызғы)жеке және топтық тыңдауға арналған кабинеттермен жабдықталған. Арнайы музыкалық қонақжайда музыканттар мен ән өнерін бағалайтын адамдармен бас қосу ұйымдастырылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
-кітап қорындағы әдебиеттер арқылы пайдаланушылардың ұлттық және әлемдік өнер әдебиеттеріне еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- кітап көрмелерін және суретшілер,сазгерлер,әншілер,күйшілер, қолөнер шеберлері,театр артистерімен шығармашылық кездесулер т.б іс-шаралар ұйымдастыру;
- пайдаланушыларға музыкалық аспаптар беру қызметін көрсету.
Бөлімде дарынды жастар шығармашылығын насихаттау,мүдделері мен қызығушылықтары ортақ жандары біріктіру және эстетикалық және танымдық көзқарасын байыту мақсатында ұйымдастырылған «Өнер»клубы бар.
Бөлім меңгерушісі: Юсупова Кулжахан
Байланыс телефоны: 8 (7242) 23-14-17
|
Гости15
Роботы24
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ