Өлкетану библиографиясы секторыӨлкетану библиографиясы секторы - өлкетану ақпараттық ресурстарының түрлі санаттағы пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, өлкетану білімін жетілдіруді жүзеге асырады.
Өлкетану библиографиясы секторы 2015 жылы қаңтар айында құрылды.
Сектордың мақсаты және міндеттері:
- өлкетану құжаттары қорын қалыптастыру;
- өлкетану әдебиеттерін насихаттау;
- ғылыми зерттеу және баспа қызметі.
Сектор облыстағы барлық кітапханаларға және мекемелерге өлкетану әдебиетінің мәселелері бойынша әдістемелік және кеңестік көмек береді.
Сектордың анықтамалық-библиографиялық аппараты:
- өлке жайында анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар;
- өлкетану картотекасы (өлке жайында 40 мыңнан астам кітаптардың, Сыр өңірі туралы газеттер мен журналдар мақалаларының библиграфиялық жазбалары);
- Қызылорда облысы бойынша елеулі оқиғалар және белгілі күнтізбелердің хронологиялық картотекасы;
- өлкетану бойынша тақырыптық папка-досьелер;
- қазақ және орын тілдерінде «Өлкетану», «Краеведение» мәліметтер базалары.
Сектор меңгерушісі: Маханбет Айнұр Талғатқызы
Байланыс телефоны: 8 (7242) 23-14-17 |
Гости10
Роботы33
Список пользователей
JesusgeD
Был(a) в сети 12 минут назад
RobertEnaph
Был(a) в сети 29 минут назад
CharlesUrile
Был(a) в сети 46 минут назад
IsaacAbilm
Был(a) в сети 2 часа назад
GeorgeToike
Был(a) в сети 2 часа назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ