"Шаңырақ" интеллект - орталығы БҰҰ және ҚР Үкіметі бірлескен "Экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаны қорғауда инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы Қызылорда облысының тұрғындарының, соның ішінде әлжуаз топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту" бағдарламасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жұмыссыз жастарға және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған «Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады.
Жобаның мақсаты 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ІТ-технологияларды пайдалануға үйрету болып табылады.
«Шаңырақ» интеллектуалды орталығында электронды оқулармен қатар кәсіби қолөнершілер жұмыссыз жастарды тоқу, тігу өнеріне үйретеді. Қалауына қарай жастар бұл өнердің де қыр-сырын меңгеріп, алдағы уақытта шеберлер сабақтарына қатыса алады.
Курс мына тренингтер бойынша тегін өткізіледі: MS Word, MS Excel, MS Power Point, Corel Draw,
Photoshop, Pinnacle (видеомонтаждау), компьютер құрылғыларын жөндеу. Курсты аяқтаған соң сертификат беріледі.
Курстың уақыты: Сейсенбі: сағат 10.00-11.30 Жұма: сағат 10.00-11.30
Біздің мекен-жайымыз:
Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
А. Құнанбаев даңғылы 53 Д
Байланыс телефоны: 8 (7242) 23-14-17
Электронды пошта: ounb_kzlorda@mail.ru
|
Пікір
1
Гости16
Роботы33
Список пользователей
Дана Сабырбай
Был(a) в сети 2 часа назад
Кітапхана тарихы

Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ