Полигон жаңғырығы (дөңгелек стол)

    2016 жылдың 20 мамыр күні кітапханада Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай «Полигон жаңғырығы» атты дөңгелек стол өткізілді.

     Іс-шараның мақсаты: жастардың Семей полигоны туралы білімін тереңдету. Ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айта отырып, олардың ой - өрісін кеңейту. Елін, жерін, сүюге, аялауға тәрбиелеу. Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа шеккендер жайында, полигон сұмдығы жайында әңгімелесу.

Шара барысында Қызылорда қаласындағы «Невада – Семей» антиядролық қозғалысы қоғамдық бірлестігінің ардагерлер ұйымының төрағасы Өтегенов Амандық Өтегенұлы жастарғаСемей атом сынақ полигоны жайында терең де, мазмұнды баяндап берді.

    Қатысушылар 40жыл бойы Семей полигонында жасалған әуе, жер асты, жер үсті сынақтарының зұлмат зардабы жайында, антиядролық «Невада - Семей» қозғалысының сол кездегі ядролық сынақтарды тоқтатуға қосқан өлшеусіз жұмысы туралы мол мағлұматтар алып «Ядролық қарудан таза әлемге» кітап көрмесімен танысты.


 

 

 

 


20 мамыр 2016 ж. 12:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: