«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты ойын-сайыс өткізді.

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 10 маусым күні «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты ойын-сайыс өткізді.

     Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру, оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстау, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

       Ойын-сайыс «Суретшілер сайысы, «Тапқырлар», «Сөзжұмбақ», «Тапқыр болсаң, тауып көр»,«Өнерпаздар», «Сергіту сәті», «Мақалдарды аяқта» кезеңдерінен тұрды. Сайыс барысында балалар денсаулық, салауаттылық , дене гигиенасы туралы әңгіме тыңдап, сурет салып, ертегілер еліне саяхат жасады, мақал-мәтелдердің жалғасын айтып, «Арқан тарту», «Ақтерек, көктерек» ойындар ойнап, викториналық сұрақтарға жауап берді.

     Сайысқа №4 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің және №140 орта мектептің «Балдәурен» жазғы тынығу лагеріндегі балалар белсене қатысты. Ойын-сайыс қызықты, әрі тартысты өтті. Шара соңында балалар кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, «Кітаптар патшалығына саяхат» және «Жазғы демалыс- жақсы кітап» атты кітап көрмелеріндегі әдебиеттермен таныстырылды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


10 маусым 2016 ж. 17:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: