«Зорлық-зомбылықсыз әлем»22-қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиет бөлімі М.Шоқай атындағы 187 қазақ орта мектебінің 4–5 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Мақсаты: Оқырмандарға зорлық-зомбылық туралы мәселелерді кеңінен ақпарат бере отырып, балалар мен үлкендер арасындағы ең басты құндылығы оның бас бостандығы және өз құқығын қорғау туралы үйрету. Осы салада халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамды ақпараттандыру. Кітап көрмесінде зорлық-зомбылық туралы кітаптар, заңдардан үзінділер мен суреттер қойылған.
|
Гости9
Роботы21
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ