«ЭКСПО-2017 – Тәуелсіздік жемісі» атты көрменің ашылу салтанатын өткізгелі отыр.

Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары!

     Биылғы жылдың тарихи оқиғасы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 18 қаңтар күні сағат 10.00-де «ЭКСПО-2017 – Тәуелсіздік жемісі» атты көрменің ашылу салтанатын өткізгелі отыр.

     Шара барысында халықаралық көрме мен шығу тарихы жайында мәліметтер жинақталған кітап көрмесі, «Жасыл экономика» тақырыбында арнайы дайындалған жобалар презентациясы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жел және күн энергетика қондырғыларының модельдері және қаламыздағы жас шеберлердің қолдан жасаған бұйымдары ұсынылады.

       Барлықтарыңызды «ЭКСПО 2017 – Тәуелсіздік жемісі» атты көрмемен танысуға шақырамыз.


16 қаңтар 2017 ж. 17:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: