«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс»

   2017 жылы 6 мамыр күні, сағат 11.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Мақсаты – жас қазақстандықтар үшін өз елінің батырларының ерліктерін есте сақтау, олардан үлгі алу, Отанды қорғау, қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеу сынды тарихи дәстүрлерді жалғастыруды насихаттау.

    Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске биыл 72 жыл толады. Бұл сол кездегі кеңес халқының өшпес ерлігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні - халқымыздың жанқиярлық ерлігі мен қаһармандықтың символы. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін көрсетті. Басқа халықтармен бірге иық тіресе біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды.

     Кітап көрмесі 5 бөлімнен тұрды:«Естен кетпес отты жылдар», «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады», «Мың тағзым саған, майдангер!», «Ерлік елге мұра - ұрпаққа ұран», «Майдан мен тылдың мызғымас бірлігі».

    Көрмеде 200-ден астам кітап, соның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері туралы әдебиеттер, әскери мемуарлар, суретті альбомдар, газет-журнал материалдары мен суреттер ұсынылды.


 

 

 


 

 

 

 


 

06 мамыр 2017 ж. 13:54
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: