«Тіл – халықтың күре тамыры»

     Оқырмандардың тілге байланысты ойын оятып, пікірін айтқызу мақсатында 2017 жылдың 22 қыркүйек – Тілдер мерекесіне орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторы қызметкерлері «Тіл – халықтың күре тамыры» атты пікірталас ұйымдастырды.

      «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері екі топқа бөлініп, «Үш тұғырлы тіл» мәселесін және латын әліпбиіне көшу саясатын сөз етті. Тартыс өте қызықты өтті.

       Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы болып табылады. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея.

     Пікірталас соңында оқырмандардар бір - бірін тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақырды.

        Іс-шара соңында оқырмандар «Тіл – ұлттық қазына» кітап көрмесімен танысты.

 

 

 

 


22 қыркүйек 2017 ж. 17:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: