«Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік » атты көшпелі кітап көрмесі

       11 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өркениет» медициналық колледжінде Қазақстан Респуб­ликасы­ның Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік»  атты  көшпелі кітап көрмесін  ұйымдастырды.

       Көрменің мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тарихи кезеңдердегі жүріп өткен жолы мен тәуелсіздігі туралы жаңа әдебиеттермен таныстыру. Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан , Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. .

      Кітап көрмесі : «Жаңа дәуірге қадам басқан - жаңа Қазақстан», «Тәуелсіздік толғаулары», «Қасиетті желтоқсанның ызғары» атты бөлімдерге топтасты.

      Кітап көрмесінде көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі бірнеше ғасырлар сүзгісінен өткен, мемлекет шежіресінен сыр шертетін, қазақ хандығының құрылуы мен өркендеу кезеңдерінен мағлұмат беретін , сондай-ақ желтоқсан оқиғасына байланысты  әдебиеттер орын алған.

Елбасының тарихи тұлғаларды ардақтауға арналған еңбектері ұшан-теңіз. Ғұн дәуірі, Көк түрік кезеңі, Алтын Орда заманы, Қазақ хандығы тарихы, жастарды ата тарихын ардақтауға, елін, жерін, сүюге шақыратын толымды шығармалары мен қатар баспасөз беттерінде жарияланған материалдары,елдің бірлігі мен ынтымағы, ұрпақтар сабақтастығын баяндайтын, еліміздегі бейбітшілік пен келісім тәрізді құндылықтар туралы әдебиеттер де қойылды.

     Көрмені «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері мен  оқытушылары тамашалады.



 
12 желтоксан 2017 ж. 16:15
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: