«Знаешь ли ты? » /«Сен білесің бе?»/ /көрме викторина/

      Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарынан бастап  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақылды, білімпаз балалар мен жасөспірімдерге арналған  «Знаешь ли ты?»  /«Сен  білесің бе?»/  атты көрме викторина  өткізілуде.

      Мақсаты: оқырман балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту,  білім қөкжиегін кеңейту, өз ойларын  еркін жеткізуге баулу,  білімге құштарлығын арттыру, тез ойлау қабілетімен қойылған сұрақтарға нақты жауап беру дағдыларын қалыптастыру болды.    Көрме 15 наурызға дейін жалғасады.

     19 қаңтар күні интеллектуалды викторинаға №198 мектептің тарих пәнінің оқытушысы Венера Фаритовна Чекучинаның басшылығымен 5а, 6б, 6в және 7в сынып оқушылары қатысты.  Олар  үш бөлім бойынша ұйымдастырылған    «Знаешь ли ты? »  /«Сен  білесің бе?»/  көрмесіне қойылған кітаптардың көмегімен  жауап берді.                                                         

   1-ші бөлім «Древние цивилизации»  /«Ежелгі мәдениет»/  деп аталып, қатысушылар ежелгі тарих және  ұлы мәдениетті жасаған  халықтар өмірі , алғашқы қалалар, фараондар мен философтар жайлы  т.с.с. сұрақтарға жауап берді.       

   «История и культура Казахстана»     /«Қазақстан мәдениетінің тарихы»/ атты 2-ші бөлімде кітаптың көмегін пайдаланған оқырмандар ғасырдан ғасырға жеткен, тамыры тереңге кеткен тарихи және мәдени құндылықтары жайлы мағлұмат алды.  

   «Обо всем на свете»  /«Барлығы жайлы»/  атты 3-ші бөлімде балалар жаңа планеталар, саяхаттар, географиялық ашылулар, биологиялық және техникалық мәліметтер жайлы сұрақтарға жауап алды.  Мерзімі 15 наурызға дейін  белгіленген көрме-викторинаның жеңімпазы  атануға  балалардың ұмтылғаны көңіл қуантарлық жағдай болды.










 
19 қаңтар 2018 ж. 15:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: