«Герои любимых книг» / көрме--сайыс /

        27 наурыз күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  жас ұрпақтың жан-жақты дамуын қалыптастыру,  кітапқа және бейнелеу шығармашылығы арқылы кітап оқуға қызығушылығын арттыру  мақсатында «Герои любимых книг» атты сурет сайысы өткізілді.  Сайысқа «Өнер» изостудиясының,  «Nfit-stуle» атты спорттық әуесқойлар орталығының, «Олимп» балалар студиясы және өнер мектептерінің оқушылары  қатысты.

       Қатысушылар  А.С. Пушкин А.Экзюпери, Дж. Роулинг, Л. Линдгрен  тағы басқа әлемнің классик жазушыларының шығармаларындағы сүйікті кейіпкерлерінің  суретін  бейнеледі.

      Көрермендер назарына  5 - 16 жас аралығындағы жас суретшілердің 50-ге жуық  жұмыстары  ұсынылды.  Көрмемен мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері және кітапхана оқырмандары танысты.

    «Герои любимых книг»  атты сурет сайысының қортындысын шығару және марапаттау рәсімі  2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күнін  мерекелеу сәтіне ұйымдастырылады.

    Сайысқа қатысушылардың жұмыстары жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады: 5 - 8 жас; 9 -11 жас; 12 -16 жас. 

 




 
27 наурыз 2018 ж. 19:06
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: