«Дәулетті және табысты адамдардың құпиясы»

   2018 жылы 20 сәуір күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып жариялануына орай «Дәулетті және табысты адамдардың құпиясы» атты жас кәсіпкерлермен кездесу кеші ұйымдастырылды. 

    Мақсаты:  отандық өнімді қолдау мен насихаттау, оны өндіретін еңбек адамдарын дәріптеу, кәсіпкерлік сала­сының дамуына үлес қосқан азаматтарды  олардың қызметтерін халық назарына жеткізу.

     Кездесу барысында Business Start иновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Ж.Оразмаханов қатысушыларға шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелеріне қатысты кеңестер беріп, тәжірибесімен бөлісті. Жастардың  басым бөлігін қызықтырған «Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болу керек?», - деген сауал болды. Бұл сұраққа «Сырғалым» той орталығының жетекшісі А. Бектұрғанова «Кез келген кәсіпкерге әр түрлі адамдармен сөйлесе алу, бастаған істе табандылық таныту және нәтижесі үшін жауапкершілікті ала білу сынды қасиеттер аса маңызды», - деп жауап берді.

       Қызылорда  қаласындағы  Е.Әуелбеков  атындағы  дарынды  балаларға  арналған  №4 облыстық  мектеп – интернатының  экономика пәнінің  мұғалімі А. Сейсекеева  оқушылар мектепте алдағы уақытта  экономика пәнінен бизнестің бастапқы қадамдары, бизнес жоспар құрып, шығын мен пайданы есептей білу кәсіпкерлік нысанын ашып, қаржы нарығын бағамдау туралы теориялық білім алып ғана қоймай, кәсіпкерлік нысандарына шығып, тәжірибелік сабақтарына да қатысатын болатынын айтып өтті.

    Облыстық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Ә. Мұратұлы бизнесте алғашқы қадамдарын жасағысы келген жастарға табыспен іс жүргізіп жүрген жандардың жетістіктерінің құпиясымен бөлісті.

       Шара соңында «Кәсіпкерлік - Қазақстанның жетістікке апарар күші» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.






 
20 сәуір 2018 ж. 19:30
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: