КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІҰлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай кітапхана қызметкерлері арасында «Ата-салтым – ардақтым» атты сайыс ұйымдастырылды. Мерекелік кеште кітапхана қызметкерлері ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртып, мазмұнды көріністер қойды. Қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті. Ән айтып, би биледі, ұлттық ойындар ойнады. Қазақтың ұлттық тағамдары әзірленді. Қатысушылар наурыз көжеден дәм татты. Мерекелік іс-шараның тәрбиелік маңызы зор болып, жоғары деңгейде өткізілді. Сайысқа қатысқан топтар түрлі номинациялармен марапатталды. |
Гости15
Роботы21
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ