Қасіретті жылдар жаңғырығы

    31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді.

    Осы күнге орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қасіретті жылдар жаңғырығы» тақырыбында тағылым сағатын ұйымдастырды.

   Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры М.Аңсатова, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы Ш.Керейбаева қатысып, ХХ ғасырдың 1930 жылдардағы аштық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің қасіреті туралы тарихи мәліметтер берді.

    Қатысушылар шара соңында «Зұлмат жылдар қасіреті» атты кітап көрмесімен танысты.





 
31 мамыр 2019 ж. 17:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: