Ұлы даланың ұлы есімдері

      Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу туралы мәселе көтерген болатын. Осы жоба аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында       21 ақпан күні «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.
      Мақсаты тарихи ұлы тұлғаларымызды ұрпақ есінде қалдыру, олардың рухани мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау.

      Аталмыш шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы»ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ахметбек Бақытжан Мұхарамұлы «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тасболат Медетбаев қатысып, қазақтың Ұлы даласында өмір сүрген әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары, Абай сияқты ұлы тұлғаларымыз бен қатар Сыр еліне белгілі тарихи тұлғалар туралы деректерге тоқталып өтіп, бабаларымыздың  баға жетпес мұраларын бүгінгі жастардың санасына сіңіру керек екендігіне тоқталды.

      Шара барысында «Қазақстан –Ұлы дала шаңырағы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.




  
21 ақпан 2020 ж. 16:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: