"Ғарыш – келешектің кемел жолы" интеллектуалды сайыс

     2021 жылдың 12 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында адамзаттың ғарышты бағындырғанына 60 жыл толуына орай «Ғарыш – келешектің кемел жолы» тақырыбында  интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.  Мақсаты оқырмандардың  ғарыш саласы туралы білімдерін молайту, ғарышкерлер өмірінен мағлұмат беру, патриоттық сезімдерін ояту.

     Шараға  қаламыздағы  Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің студенттері қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар жалпы ғарыш әлемі туралы, ғарышкерлер өмірі туралы қызықты  сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Сайысқа қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.






 
12 сәуір 2021 ж. 13:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: