«Ел теңдігін аңсаған Исатай» атты дөңгелек үстел

      2021 жылдың 14 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыра отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында – «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Бөкей ордасы  ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының туғанына 230 жыл толуына орай «Ел теңдігін аңсаған Исатай» атты еркін форматтағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
       Шараға Қорқыт ата атындағы университеттің аға оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты Шырынкүл Тухмарова, облыстық «Қызылорда» телеарнасының журналисі Шолпан Исабекова, жыршы Серік Жақсығұлов қатысып,  көтеріліс басшысы Исатай Таймановтың асқан қайсарлығын паш етті. Және де ХХ ғасырдың басында өмір сүрген орыс журналисі Н.Савичивтің, Алаш азаматы Х.Досмұхамедовтың зерттеулерімен қатар Махамбет шығармаларынан бірнеше жыр орындалды.

 
 
14 сәуір 2021 ж. 17:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: