«Актер әлемі» атты кітап көрмесі

   Танымал кинорежиссер, Қазақстанның халық артисі Досқан Жолжақсынов биыл 70 жасқа толды. Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Актер әлемі» атты кітап көрмесін дайындады.

   Еңбек жолын 1971 жылы қазіргі балалар мен жасөспірімдер театрының актері болып бастаған Досқан Жолжақсынов театр мен кинода 200-ден астам бейнелер сомдаған. «Бандыны қуған Хамит», «Біржан сал», «Құнанбай» сынды көркем дүниелерде сомдаған рольдері көпшілікке етене таныс.   Қазақ кино әлемінде өзіндік бет-бейнесін қалыптастырған дара дарын Досхан Жолжақсынов әншілік қырынан да танымал. Ұлттық мәдениетімізді, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін мерейтойы қарсаңында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қаулысымен Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды.

  Актердің өмірі мен шығармашылығына  арналған көрмеге ол туралы толық  деректер жазылған қордағы кітаптар мен мерзімді басылымдар, замандастарының лебіздері, кинодағы рольдерінен суреттер қойылды.





 
14 қазан 2021 ж. 18:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: