«Елін қорғау – ерге серт» атты кітап көрмесі

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру және рухани адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу мақсатында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Елін қорғау –  ерге серт» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда: «Қазақтың әскери тарихы», «Бауыржан Момышұлының ерлік туралы қанатты сөздері».  «Әскери доктрина – әскери қауіпсіздіктің негізі», «Айбынды елдің қорғаны», Көрмеге Қазақстанның көне дәуірлерден бүгінгі күнге дейінгі әскери тарихына арналған әдебиеттер мен қатар мерзімді басылымдарда жарияланған дерек көздері қойылды.

   Шолу барысында қазақ хандығы тұсындағы қазақ халқының әскери тарихы мен ел мен жерді қорғаған қазақ батырларының ерліктері мен  қазіргі замандағы әскери доктрина, әскери педагогика ғылым салаларына, әскери жарлықтарға арналған әдебиеттерге кеңінен тоқталды. Және де екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының жастарға әлі күнге дейін бағыт-бағдар беріп отырған ерлік туралы қанатты сөздері оқырман назарына ұсынылды.






 
07 мамыр 2021 ж. 12:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: