«Көш бастаған Елбасы» атты кітап көрмесі

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасында 25 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында «Көш бастаған Елбасы» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.

   Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев және оның тәуелсіз гүлденген мемлекет құру мен дамуындағы тарихи рөлі туралы әдебиеттерді насихаттау.

    Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады: «Үшқоңыр балалық шағымның аспаны», «От жалынды шыңдалу», «Дәуірдің дара тұлғасы», «Елбасы еңселеткен Елорда».

   Көрмеге Елбасының өмірі мен қызметі, Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы кітаптар, фотосуреттер, баспа материалдары қойылды.

   Кітап көрмесіне «Болашақ» Жоғары медициналық колледжінің студенттері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа арналған кітап көрмесі жастарға үлкен әсер қалдырды.




 
25 қараша 2021 ж. 19:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: