«Тәуелсізбін. Егеменмін. Еркінмін» атты мерекелік кеш

    14 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Тәуелсізбін. Егеменмін. Еркінмін» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты - жастардың  отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру арқылы оларға патриоттық  тәрбие  беру, Отанына, өзінің еліне деген құрметін арттыру, мәдениеті мен дәстүрін тануға көмектесу, сонымен қатар өнерге, әдемілікке баулу.   

   Шараға Авиценна, Болашақ және Өркениет медициналық колледждерінің студенттері қатысты. Өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік туын биікке көтерген Қазақстан халқының жарқын бейнесі жайында өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Ұлт мерекесіне тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз баянды болсын деген ізгі ниеттерін жастар өнерлері арқылы білдірді.

   Кеш аясында егемен еліміздің өткені мен бүгіні, ата-бабаларымыз аңсаған азат күнге қол жеткізген ұрпақтың өткені мен ертеңі туралы сыр шертетін «Ұлы даланың ұлық мерекесі» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері», А.Айталы «Байсалды ел байқаусыз қате жібермесін», «Древо независимости: от истоков к процветанию», «Тәуелсіздік шежіресі», Ш.Елеукеновтің «Тәуелсіздік биігінен», М.Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік», М.Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы», Ә.Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм», А.Морозов «Казахстан за годы независимости», «Летопись независимости» және тағы басқа да Тәуелсіздік туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Шара соңында кешке жиналған көпшілік қауым көрмемен танысты.





 
14 желтоксан 2021 ж. 17:24
0 қарау
Пікір
1
comok 3 қаңтар 2022 00:56
Вы думали, что живые выступления на prosex.site были посвящены сольным цыпочкам и случайным шоу для пар
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: