Қаңтар-ақпан айларында дүниеге келген өнер адамдарына арналған кітап көрмесі26 қаңтар күні өнер бөлімінде қыс айларында дүниеге келген танымал өнер тұлғаларына арналған кітап көрмесі дайындалды. Атап айтқанда, әнші, Қазақстанның халық артисі Жамал Омарованың туғанына 110 жыл, актриса, Қазақстанның халық артисі Шолпан Жандарбекованың туғанына 100 жыл және кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мәжит Бегалиннің туғанына 100 жыл толуына арналған көрмеге өнер адамдарының өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған кітаптар, естеліктер, әр жылдардағы суреттері қойылды. |
Гости12
Роботы23
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ