11 желтоқсан күні облыстық кітапханада Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тарихи танымдық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты – жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын танып білуге баулу.
Танымдық шарада №112 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Рақымжанова тәуелсіздіктің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы ақпараттармен бөліссе, желтоқсан оқиғасының куәгері Г.Қосназарова 1986 жылғы 16,17 желтоқсанда көзбен көрген оқиғаларын баяндап берді. Қызылорда қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сахналық қойылымдар қойып, жыр шумақтарын жатқа оқыды. Шара соңында «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
![](/uploads/posts/2023-12/medium/1702300266_4.jpg)
![](/uploads/posts/2023-12/medium/1702300221_3.jpg)
![](/uploads/posts/2023-12/medium/1702300282_2.jpg)