19 қаңтар күні облыстық кітапханада жасөспірімдердіңәдеби сөздік қорын кеңейту, интеллектуалдық қабілеттерін шыңдауда «Жеті жұрттың тілін біл...» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Шараға қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі және Н.Ахмадиева атындағы №112 орта мектебінің оқушылары қатысып, «Таныстыру», «Жұмбақтар әлемі», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Мақал - сөз атасы», «Сұрақ менен, жауап сізден...» кезеңдері бойынша бақ сынасты.
Шара соңында балалар кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, жаңа әдебиеттермен танысты.
![](/uploads/posts/2024-01/medium/1705899640_19-1-atar-1.jpg)
![](/uploads/posts/2024-01/medium/1705899565_19-1-atar-2.jpg)