18 наурыз күні «Жанға жайлы жүздесулер» жобасы аясында М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің студенттері кітапханада қонақта болды. Жобаның негізгі мақсаты – кітап оқуға тарту және мәдени демалыс түрлерін ұсыну арқылы жастарға уақытын тиімді өткізу үшін жағдай жасау.
Жастар ең алдымен бөлімдерге саяхат жасап, кітапхананың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Қорға келіп түскен жаңа әдебиеттермен, мерейтой иелеріне арналған, республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында дайындалған кітап көрмелерімен таныстырылып, шолу жасалды. «Этюд» дизайн және кескіндеме арт-студия оқушыларының шығармашылық жұмыстарымен жақын таныстырылды. Саяхат соңында жастарға қытай қазақтары түсірген «Гүлбике» фильмі көрсетілді.
![](/uploads/posts/2024-03/medium/1710768152_18-nauryz-1.jpg)
![](/uploads/posts/2024-03/medium/1710768164_18-nauryz-2.jpg)
![](/uploads/posts/2024-03/medium/1710768167_18-nauryz-3.jpg)