«Қазақ ғылымының атасы» атты танымдық кеш

        19 сәуір күні геолог ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Сәтбаевтің туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ ғылымының атасы» тақырыбында танымдық кеш ұйымдастырылды.
        Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты Оразхан Айдаров  Тұрсынқожаұлы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қонысов Жәнібек, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жалмағанбетова Гүлстан Бейбітқызы қатысып, біртуар тұлғаның отандық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқанын, ұлт мүддесін қорғау жолындағы ерлік істерін де сөз етті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ГТ-23-1 оқу тобының студенттері Қаныш Сәтбаевтың қызметіне арналған қойылым қойды.
        «Ұлт мақтанышы» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.
19 сәуір 2024 ж. 12:46
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: