«Қазақ поэзиясындағы дара талант» атты поэзия кеші

         25 сәуір күні облыстық кітапханада қазақтың көрнекті ақыны, Түрксой Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулеттің  70 жасқа толуына орай «Қазақ поэзиясындағы дара талант» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
         Мақсаты–қазақ лирикасының кемелдену кезеңінде өзіндік қолтаңбасын анық  танытқан, өмірін өлеңге арнаған ақынның  өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырман жанын тебірен¬тер жырларын  оқуға шақыру, жастардың поэзияға қызығушылығын арттыру.
    Кешке ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Қ.Есімсейітова, жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Н.Рахмет, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Д.Аяшұлы және «Baiterek school», «Ұлағат» білім ордасы» мектебінің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары, «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушысы Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Е. Сармырзаев қатысты. Кеш қонақтары өлең жолдарын күйше күмбірлеткен дарынды ақынның ұлағатты  өмір жолы, елдік, ұлттық, адамгершілік мүдделерге қызмет ететін өлеңдері туралы естеліктерімен бөлісті, жастарды елге, жерге деген ыстық махаббаты суреттелген өлеңдерін оқуға шақырды. Оқырмандар ақынның ел-жұртының аңсар арманы мен мұрат-мақсаты өрнектелген өлеңдерін оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Оқырмандар назарына «Алтайдың алтын тамыры» атты кітап көрмесі ұсынылды.
25 сәуір 2024 ж. 12:59
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: