«Әжемнің ертегілері» жобасы аясында «Әжем айтқан ертегі» атты байқау

           29 сәуір күні «Әжемнің ертегілері» жобасы аясында «Әжем айтқан ертегі» атты байқау ұйымдастырылды.
         Мақсаты - халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы түсінік беру. Жасөспірімдерді қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және ертегілерді оқуға деген қызығушылығын арттыру.
      Байқауға кітапхананың оқырмандары қатысты. Шара барысында қатысушылар 3 кезең бойынша сайысып, тағылымы мол ертегілерді айтып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен I дәрежелі дипломды З.Нуралиева иеленсе, II дәрежелі диплом Р.Абеноваға, К.Шаметековаға, ІІІ дәрежелі диплом  Б.Құлынтаева және  Б. Скаковаға  бұйырды.
29 сәуір 2024 ж. 13:18
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: