KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Суретші болғым келеді» атты мектепаралық байқау

          30 сәуір күні қазақ  бейнелеу  өнерінің  негізін  салушылардың  бірі,  Қазақстанның  халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Суретші болғым келеді» атты мектепаралық байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты - дарынды балаларды анықтау және қолдау.
        Байқауға қаламыздағы орта мектептердің сурет салуға бейімі бар 14 пен 17 жас аралығындағы оқушылары қатысты. Қатысушылар А3 форматты қағазға өз ойлары мен қиялдарын еркін тақырыпта жеткізді. Байқауды кітапхана басшысы Н.Мыңжас қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді. Дайын жұмыстарды Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, танымал мүсінші Әлжанов Рүстем, суретші-мұғалім Сүлейменов Қайрат және М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебінің көркемсурет мұғалімі Абдраманова Гульнур бағалады. Байқауға қатысқан барлық оқушыларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар, бағалы  сыйлықтар берілді.
30 сәуір 2024 ж. 16:40
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: