KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Жауқазын ғұмыр» атты Әлия Молдағұловаға арналған тарихи кеш

      Облыстық кітапханада 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай  «Жауқазын ғұмыр» атты Әлия Молдағұловаға арналған тарихи кеш ұйымдастырылды. Кеш қазақ қыздарының даңқын аспанға көтерген Әлиядай жарық жұлдыздың есімін еске ала отырып,  1 минуттық үнсіздікпен басталды.
     Мақсаты - ерен ерлігімен тарих беттеріне есімі алтын әріппен жазылған қазақ қызы Әлия Молдағұлованың даңқты ерлігін насихаттау, жастардың патриоттық сезімін ояту. Кешке  «Orda» жоғары колледжінің оқытушылары  Б.Жусупова, А.Жунусова және студенттері, «Baiterek scһool» жеке мектебінің оқушылары қатысты
      Кеш қонақтары майданға аттанып, нәзік жанын ерлікпен қиған қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың қысқа да, ерлікке толы  өмірін баяндады. Оқырмандар арнау өлеңдер, монолог оқып, ән шырқады. «Шығыстың шынары» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.
06 мамыр 2024 ж. 15:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: